25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстан «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты халықаралық акцияға қосылды. Бұл бастама 90-нан астам елді қамтиды және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударуға және оны түп-тамырымен жоюға шақырады.
Акция Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күнімен басталып, Адам құқықтары күнімен аяқталады. Бұл әйелдердің құқықтары жалпыға бірдей танылған адам құқықтарынан ажырамас екенін тағы бір мәрте еске салады. Осы ауқымды науқан аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы ел бойынша 100-ден астам іс-шара өткізеді. Олардың қатарында ағартушылық акциялар, дөңгелек үстелдер және пікірталастар бар, олар халықтың хабардарлығын арттыруға, зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіруге және зардап шеккендерді қолдауға бағытталған.
Бұл кампания әйелдердің құқықтарын қорғау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жолында қабылданған міндеттемелерді қайта жаңғыртуға және шешім қабылдаушыларды нақты әрекеттерге шақыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, 2025 жылы аталып өтетін Пекин декларациясы мен Іс-қимыл платформасының 30 жылдығы қарсаңында бұл бастама ерекше маңызды. Аталған құжат гендерлік теңдікке қол жеткізу және әйелдер мен қыздардың құқықтарын ілгерілету бойынша жаһандық мақсаттарды айқындаған негізгі құжат болып табылады.