Астанада қыркүйектің 11-і күні Отбасы күніне орай «Дәуірлер тоғысындағы отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті. Ұйымдастырушы – Қазақстандық қоғамдық даму институты.
Дөңгелек үстел отырысына Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы,ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Ысқақова модераторлық етті.
Қатысушылар отбасы институтын нығайту, ана, әке мен баланы қорғау, сондай-ақ дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптеу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеп берген мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Президент өз сөздерінде берік әрі үйлесімді отбасы тұтас ұлттың орнықты дамуы мен жарқын болашағының сенімді кепілі екенін үнемі айтып келеді.
Жиынның ашылуында ҚР Құрылтай депутаты, Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Снежанна Имашева және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров құттықтау сөз сөйледі.
Снежанна Имашева қатысушыларды келе жатқан Отбасы күнімен құттықтап, мемлекеттік отбасы саясатын дамытудағы ғылыми зерттеулердің рөліне ерекше тоқталды.
«Мемлекеттік отбасы саясаты бұрын қалай болды немесе қалай болуы тиіс деген түсініктерге ғана сүйенбеуі тиіс. Ол ғылыми зерттеулерге, демография және әлеуметтану деректеріне, тарихи тәжірибеге және қазір отбасыда болып жатқан нақты үдерістерді түсінуге негізделуі қажет. Отбасын әлеуметтік қолдау шаралары – мәселенің бір ғана қыры. Біз үшін отбасы институтының өзінде қандай өзгерістер болып жатқанын түсіну маңызды. Неліктен ажырасу көбейіп, жастардың некеге деген құлқы азаюда? Ғылыми қауымдастықтың зерттеу нәтижелерін мемлекеттік отбасы саясатының нақты шешімдеріне айналдыру маңызды», – деді Снежанна Имашева.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров өтіп жатқан Отбасы апталығына ерекше тоқталып, оның аясында бүкіл ел бойынша 1000-нан астам іс-шара өткізу жоспарланғанын атап өтті
«Биыл 7-13 қыркүйек аралығында Отбасы апталығы өтуде. Мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жауапты ата-ана болу мәдениетін дамыту, жастарды отбасылық өмірге дайындау және қолжетімді көмек туралы хабардар ету. Бүгінгі кездесуге отбасы мен неке мәселелерін зерттеп жүрген ғалымдар мен сарапшылар қатысып отыр. Сіздердің еңбектеріңіз ерекше құнды, зерттеу нәтижелері отбасылардың қажеттіліктеріне сай қолдау шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Елімізде халықаралық міндеттемелер мен ұлттық стратегиялық құжаттарға негізделген отбасын қолдаудың құқықтық және институционалдық жүйесі қалыптасқан», - деп атап өтті Қайрат Қамбаров.
Спикер өзекті статистикалық мәліметтерге тоқталды: бүгінде Қазақстанда 6,2 млн отбасы бар. Соңғы бес жылда жыл сайын орта есеппен шамамен 126 мың неке тіркелген. Дүниежүзілік банктің баяндамасында 2026 жылы Қазақстан «Неке» өлшемі бойынша 100 балдың 100-ін, «Ата-ана болу» өлшемі бойынша 75 балл иеленді. Бұл отбасылық қатынастардағы құқықтық теңдік пен ата-аналарды қорғау кепілдіктерін сипаттайды.
Қайрат Қамбаров сондай-ақ отбасын қолдау бойынша мемлекеттік басты шараларды атап өтті: некеге дейінгі оқыту: жас жұптар мен Отбасын қолдау орталықтарына арналған Үлгілік бағдарлама бекітілді. Оған эмоциялық интеллект, қаржылық және құқықтық сауаттылық, сондай-ақ репродуктивтік денсаулық бойынша модульдер кіреді. «Ата-аналар академиясы» жобасы: ata-ana.kz платформасы және оқыту курстары арқылы 12,5 мыңнан астам адам тегін консультациялар мен қолдау алды. «Отбасына қолайлы жұмыс орны» бастамасы: икемді жұмыс кестесін енгізу, әкелерді қолдау және қызметкерлердің қажып кетуінің алдын алу жөніндегі Ұлттық негіздемелік бағдарлама әзірленуде. Отбасын қолдау орталықтарының желісі: еліміз бойынша 160 орталықта жыл басынан бері 54 мыңнан астам отбасы көмек алды.
Іс-шара мемлекеттік органдар, ғылыми және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктірді. Кездесу аясында спикерлер неке және тәрбие институттарының трансформациялануының басты аспектілерін ашып көрсетті.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д Күлшат Медеуова қазақстандық коммеморативтік практикадағы әйелдер бейнесіне тоқталып, әйел мен ана бейнесінің қоғамдық және мәдени жадыдағы көрінісін талдап, олардың дәстүрлерді сақтаудағы рөлін атап өтті.
«Монументалды өнер, мемориалдар мен отбасылық әдет-ғұрыптар ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырып, негізгі құндылықтарды дәріптейді. Ананың ошақ иесі ретіндегі дәстүрлі рөлі бүгінде заманауи әлеуметтік-мәдени процестермен өзара ұштасып жатыр. Бұл мемлекеттік отбасы саясатын әзірлеуде терең зерделеуді талап етеді», – деп атап өтті профессор.
Nazarbayev University қауымдастырылған профессоры, антрополог Алима Бисенова «Тұрмыстық және діни салт-дәстүрлер отбасы байланыстарын сақтаудың тетігі ретінде» тақырыбын ашып, әдеттегі дәстүрлер мен жора-жосындардың туыстық қатынастарды нығайтуға қалай көмектесетінін көрсетті. Өз баяндамасында спикер ««құран бағыштау», «шілдехана», «тұсаукесер» сияқты отбасылық және діни рәсімдерді бірге өткізу заманауи қоғамда әлеуметтік байланысты нығайтатын басты дәнекер қызметін атқарады» деп атап өтті. Антрополог маманның айтуынша, жедел урбанизация мен цифрландыру жағдайында тұрмыстық жора-жосындар алыс-жақын туыстар арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қамтамасыз етіп, эмоционалды қолдау мен өзара көмек көрсету функциясын орындайды.
Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, PhD Еркебұлан Жұмашев Қазақстандағы отбасы институтының эволюциясын тарих таразысы арқылы талдап берді. Ол өз сөзінде: «Қазақ отбасы тарихи тұрғыдан әлеуметтік бұрылыстар мен қиындықтарға жоғары икемділігімен әрі бейімделгіштігімен ерекшеленді», – деп атап өтті. Ол дәстүрлі қағидаттарды XXI ғасыр талаптарымен ұштастыратын заманауи отбасылық-демографиялық модельді қалыптастыруда тарихи тәжірибені терең түсінудің маңыздылығын тілге тиек етті.
Тарих ғылымдарының кандидаты, демограф, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қауымдастырылған профессоры Сәуле Уәлиева «Қазақстандағы этносаралық некелер» атты баяндамасында көпэтносты қоғамдағы мәдени өзара іс-қимыл мен әртүрлі отбасылық практикалардың үйлесімді интеграциялану динамикасын ашып көрсетті. Оның айтуынша, этносаралық одақтардың динамикасы елдегі қоғамдық интеграцияның, әлеуметтік-мәдени толеранттылықтың және этносаралық келісімнің деңгейін айшықтайды.
Тарих ғылымдарының докторы Раушан Мұстафина неке-отбасы қатынастарындағы дәстүрлер мен инновациялардың тепе-теңдігіне тоқталды. Ол жаһандану ықпалымен отбасылық институттардың трансформациялануы ұрпақтар сабақтастығының жоғалуына әкелмеуі тиіс екеніне баса назар аударды: тәрбиенің үздік дәстүрлері тендік пен серіктестіктің заманауи үрдістерімен бірге үйлесімді дами алады.
Отбасылық және гендерлік саясатты зерттеу орталығының директоры, PhD Эльмира Отар заманауи қазақстандық отбасының кешенді әлеуметтанулық портретін таныстырды.
«Өзекті әлеуметтанулық өлшеу мәліметтеріне сүйене отырып, біз жастардың серіктестік үлгісіндегі отбасына қарай ығысқанын көріп отырмыз. Мұндай қатынаста ерлі-зайыптылар тұрмыстық, қаржылық және бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді өзара келісім мен тең жауапкершілікке негізделе отырып бөліседі», – деп атап өтті спикер.
Қатысушылар ұрпақтар сабақтастығына, әлеуметтік рөлдердің өзгеруіне және мәдени тәжірибені бөлісу мәселелеріне ерекше назар аударды. Сарапшылардың бағалаулары мен зерттеу нәтижелері отбасылық әл-ауқатты нығайту және мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша практикалық шешімдерді әзірлеуге негіз болады.
Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен, сондай-ақ отбасы институтын одан әрі дамыту жөніндегі сарапшылардың пікір алмасуымен аяқталды.